«Балабақшада Монтессори жүйесі»

АНЫҚТАМА

Астана қаласы №85 «Мейіржан» санаториялық балабақша аясында

«Балабақшада Монтессори жүйесі» кластерінің

«Тәрбие мен оқытуда М.Монтессори жүйесін инновациялық технологиялармен ұштастыру» атты қалалық семинар

2019 жылдың 10 сәуір күні өтті.

Алғашқы сөз кезегін алған, «№85 «Мейіржан» санаториялық балабақшасы» КММ - меңгерушісі Нартаева Альбина Кумековна,  семинар мектепке дейінгі ұйымда    педагогтардың  кәсіби    құзіреттілігін арттыру  мақсатын көздейтінін атап өтті.

Монтессори шеңберінде Монтессори құралдарының ішіндегі кедір-бұдырлы жазба әріптері арқылы әріпті танып білу жұмысын,  №32 «Балдәурен» балабақшасының Монтессори педагогы Сапаргужина  Бақыт Кабылдиновна мен №85 балабқшаның инновациялық әдіскері Кулдархан Назимхановна  жүргізді.

Жоспар бойынша, инновациялық әдіскер Кулдархан Назимханқызы Баймусаева балабақшаның эксперимент алаңының  жылдық есебіне тоқталып, М.Монтессори әдісін балабақшада тиімді қолдануды іс – тәжірибе жүзінде видео роликпен көрсетіп, бөлісті.

«№85 «Мейіржан» санаториялық балабақшасының тәрбиешісі Нугуманова Анар Уразбаевна  М.Монтессори технологиясы арқылы балалармен жүргізген жұмыстарын ортаға салып, өз іс – тәжірибесімен бөлісті.

«№85 «Мейіржан» санаториялық балабақшасының  тәрбиешісі  Жахина Төлеу Қосмановна, Интеллектум ойындары мен М.Монтессори құралдарының ұқсастықтарына тоқалса,  ал, Кудайбергенова Нагима  Мухтаровна  «Баланың ұсақ қол моторикасын дамытуда, Монтессори құралдарына ұқсас, қолдан жасалған бұйымдарымды баланың жас ерекшелігіне сай тиімді қолдана отырып, тілін және ойын дамыта аламыз» деп, өзінің шеберлігін көрсетті.

Нағима Мухтархановнаның қолөнерінен

«Жаңа ұрпақтың дамуына интеллектуалдық ойындардың әсері» тақырыбында  №32 «Балдәурен» балабақшасының тәрбиешісі Мукатова Назгуль Жагыпаровна, сөз алып, семинарға қатысушы әріптестерге интеллектуалдық ойындардан  тапсырмалар беріп, жұмыстар жүргізді.

Ф.Фрёбель әдісіндегі құралдар мен Монтессори құралдарының сәйкестігін аша білген, «№85 «Мейіржан» санаториялық балабақшасының  тәрбиешілері   Муталиева Ұлболған Баратқызы мен  Шәди Айкен Нұрғалиқызы болды.

Олар өздерінің балалармен жүргізген жұмыстарын слайдтар арқылы көрсетті.

Рефлексия бөлімінде,№32 «Балдәурен» балабақшасының әдіскері  Дүйсенбенова Салтанат Дусмаганбетовна  тіл дамыту аймағындағы «Рамки - вкладыши» - дан хат жазу әдісін пайдаланып, Монтессори құралымен семинардан алған әсерлерін жазуды тапсырды.

Сонымен қатар, күнделікті өмір жаттығулары аймағындағы Қызғылт мұнараны қатысушылар өз тілектерін айта отырып, биіктете қалап , семинарды қорытындылады.