«I ma STAR. KZ»

№85 «Мейіржан» санаториялық балабақшада біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз халықаралық «I ma STAR. KZ»  сайысында біздің балабақша бүлдіршіндері 1- орын және кіші топтар 2- орын жүлделі орынды иеленді. «Ақ көгершін» республикалық сайыс би өнерімен  ересек және ортаңғы топ бүлдіршіндері 1- жүлделі орындарға ие болып жеңіспен оралды. Бүлдіршіндеріміздің қуанышында шек болмады. Жүздері бал бұл жанып, ата аналарына шексіз қуаныштарын сөзбен айтып жеткізе алмай жатты. Ата аналардың көмек көрсетулері немесе бірлескен іс –әркеттер балалардың бойына мақтаныш сезімін ұялатады, баланың эмоциялық көңіл күйін дамытуға ықпал жасайды.Би жетекшісі Самайбайева Назгүл балаларды биге баулып осындай халықаралық және республикалық сайыстарға шығып жүлделі орындармен оралды. Орыс биі «Аралар мен шегіртке» биін балалар сахнада өте керемет билеп берді.

Кіші топ балалар «Күзгі жаңбыр» биін сахнада өздерін еркін ұстап,әуенмен бірге билеп шықты.

Біздің балабақшамыздың тәрбиешілері Жахина Т.Қ, Етекбаева М.Ж, Кабжанова М, Шәди А, Муталиева Ұ.Б, Нугуманова А.У сияқты қыздарымызды жүлделі орын алғанымыз үшін алғыс хатпен марапатталды.

Балабақшамызға жүлделі орынға ие болғанымыз үшін статуетканы ұтып алдық.

Біздің тәрбиеленушілерміз әртүрлі шығармашылық конкурстарда ,олимпиадаларда жеңімпаздар болып жатыр. Ұжымызды басқарып отырған балабақша меңгерушісі Нартаева  А.К ұжымға ,тәрбиеші педагогқа балаларға жүйелі мақсатта бағытталған жұмыстарының нәтижесінде мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерімізді жауапкершілікті терең түсінетін патриотты балалар тәрбилеуде.