«Үштілділік жарқын болашақтың кепілі»

«Үштілділік жарқын болашақтың кепілі»

 13 желтоқсан күні №85 «Мейіржан» санаториялық балабақшада «Үш тілділік- жарқын болашақтың кепілі» атты қалалық семинар өтті. Семинарға қаламыздың балабақшаларынан  8 балабақшаның  меңгерушілер мен әдіскерлері қатысты. №92 «»  №38 «Шаттық»   №70 «Құлыншақ» , №92 «Жауқазын», №45 «Самұрық» №57 б/б, № 47 б/б   Семинар өте жақсы деңгейде өтті.  Семинарды ашылу барысында балабақшамыздың меңгерушісі А.К Нартаева құттықтау сөз сөйлеп семинарды ашып берді. Келген қонақтармен балбақшамыздың психологы Баймусаева К.Н қонақтармен психологиялық тренинг өткізді.  Семинарда екі ашық оқу қызметі  және ертегі көрсетілді. Ашық оқу қызметі орыс тілінде және ағылшын тілінде өтті. Балалар да өте жақсы дайындықпен көңіл күйлері де жақсы болды. Ағылшын тілінде үш тілді меңгеріп үлгерген балалар оқу қызметі өздерін еркін ұстап ойларын айта білді. Театрлық қойылым кезінде балалар үш тілде Мюзикл драмасының элементтерін пайдалана отырып , орыстың «Үйшік» ертегісін сахналап берді. Ертегіде балалар өз рольдерін қызықты ойнады. Үш тілде сахналай отырып әндер айтып биде билеп берді.

Балабақшада үш тілді меңгеру- жарқын болашақтың кепілі – рухани тілдік пәндер болғандықтан, оларды бірлікте ала отырып жүргізген топтағы жүргізілген іс-шаралар мен үштілділікті қолдану аясында топтағы үш тілділікте  зерттеушілік әрекеттерін дамытып, салыстыру, талдау, дәлелдеу сынды дағдыларын қалыптастыруға түрткі болдық. Сондай-ақ, үндестіктерін табу, салыстыру жұмыстары балалардың қызығушылығын оятады.

Соңында семинарда қорытындылау кезінде балабақшамыздың тілек ағашына келген қонақтар өз тілектерін жазып , алғыстарын білдірді.

Осы  семинарға келген балабақша   меңгерушілерімен әдіскерлері, осы семинардан алған әсерлерімен бөлісті. Осы семинардан көп тәжірбие алғандарын айтып , бүгінгі семинардың жақсы деңгейде өткенін айтып өтті.

Баймусаева К.Н Каримова А.К және инновациялық әдіскер Абенова Г.С.  орыс тілі мамандары Жармабаева Э.Д Қалшабек А.Б

Ағылшын тілі мамандары: Ташболатова Н.У, Смагулова А.О  тәрбиешілер Жахина Т.Қ, Етекбаева М.  Және музыкалық жетекші Ибраева А.А

Осындай жақсы әсерде «Үш тілді жарқын болашақтың кепілі » атты семинарымыз өте жақсы деңгейде аяқтадық. Әрине балаларымыз төбелері көкке жетіп бір қуанды. Өйткені өз ана тілдерін еркін, орыс тілдерін және ағылшын тілде сөйлей ала бастағаны үшін өздерін бір үлкен еңбектің жемісі деп ойлады.